Короновирус туризмге кері әсерін тигізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Короновирус туризмге кері әсерін тигізіп жатыр

03.02.2020

Қытай үкіметі АҚШ-ты әлемде коронавирус туралы байбаламға себепші деп айыптады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияның тарауы «баяу әрі минималдық деңгейде» деп мәлімдеп, халықаралық сапарларды шектеу қажет еместігін атап өтті.

Уханьда қаңтардың 25-де басталған құрылыс жұмыстары кеше аяқталып, жаңа аурухана бүгін алғашқы науқасты қабылдауға кірісіп те кетті. Оны салуға 7500 жұмысшы мен 8 күн ғана қажет болды. Ал, екінші уақытша аурухана сәрсенбіде қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Бүгін Ресейде коронавирусты жұқтырған шетелдік азаматтардың елдеріне депортациялануы мүмкін екендігі белгілі болды. Бұны ел премьер-министрі Михаил Мишустин хабарлады.

Бүгінде көптеген әлем елдері Қытаймен байланыстарын уақытша тоқтатты. Дендеп бара жатқан індет денсаулыққа ғана емес, экономикаға да кері әсерін тигізіп жатыр.

Тұралап қалған туризмнен жапа шегуші елдердің бірі – Жапония. Ай күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жылда бұл елге миллиондап баратын қытайлық туристердің саны күрт азайған. Егер вирустың таралуы тоқтамаса, ол 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына да кері әсер етуі мүмкін.

Соңғы мәлімттерге сәйкес, коронавирус қоздырған пневмониядан 361 адам қайтыс болып, оны жұқтырғандар саны 17 мыңнан асып кетті. Және де бұл инфекция әлемнің 24 еліне жетіп, Филиппинде бір науқас одан жан тапсырған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу