Халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі қағидалары түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі қағидалары түсіндірілді

03.02.2020

Көшеде немесе кез келген ортада адам есінен танып қалса, қандай көмек көрсете аласыз? Бұл сұраққа тосылып қалатынымыз рас. Бүгін «Ақ жүрек» қоғамдық қоры мен «Алғашқы көмек» орталығы осы тақырыпқа қатысты шеберлік сағатын өткізді.  

Жыл сайын кемі 28 мыңдай адам түрлі жағдайда жүрегі тоқтап қайтыс болады. Егер оларға дер кезінде, әсіресе алғашқы 2 минутта көмек дұрыс көрсетілсе, құтқарып қалудың мүмкіндігі жоғары. Мәселен, құлап қалған адамның есін жоғалтқанына және тыныс алмай жатқанына көз жеткізсеңіз, жедел жәрдем келгенше жүрек тұсынан 5-6 сантиметрге дейін 30 рет басып, қанайналымды жақсарту керек.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу