«Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды

03.02.2020
«Серик-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

С.Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, қамауға алынды.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.



Хабарламаларға жазылу