Волонтер жылына орай Қарқаралы ауданының жастары «2020 игі іс» жобасын бастап кетті. Шара аясында ауыл ішін қардан тазалау, қарттарға жәрдемдесу сынды жұмыстарды жүзеге асырмақ.
Қайырымды іске келгенде жастар аянған емес. Былтыр республика бойынша үздік волонтерлік орталықтар қатарынан табылған штабтың атқарған жұмыстары орасан. Руслан Нұрланұлы тарқатады.