Соңғы 14 күнде Қытайда болған адамдарға АҚШ-қа кіруге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 14 күнде Қытайда болған адамдарға АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

03.02.2020
Соңғы 14 күнде Қытайда болған адамдарға АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

АҚШ коронавирусқа байланысты соңғы 14 күнде Қытайда болған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі мәлімдеді. 

«Азаматтардың соңғы 14 күнде Қытайда болғаны анықталса, Құрама штаттарға кіруге рұқсат берілмейді», - делінген ведомство хабарламасында. 

Алайда АҚШ-та жақын туыстары бар адамдарға, АҚШ тұрғындарына, әуе кемелерiнiң ұшу экипаждарына бұл шектеу қойылмайды.

Ал Хубей провинциясында болған америкалықтар 14 күнге оқшауланады. 

Соңғы 14 күнде Қытайға саяхаттаған америкалықтар үшін елге кіру тек мына жеті әуежай арқылы ғана ұйымдастырылады: John F.Kennedy International Airport (JFK, Нью-Йорк), Chicago O ' Hare International Airport (ORD, Чикаго), San Francisco International Airport (SFO, Сан-Франциско), Seattle-Tacoma International Airport (SEA, Сиэтл), Daniel K. Inouye International Airport (HNL, Гавай), Los Angeles International Airport, (LAX, Сан-Франциско) және Hartsfield-Jackson Atlanta International Airport (ATL, Атланта).

ria.ru

Хабарламаларға жазылу