«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Атырау облысына барғанында партияның «Кедергісіз келешек» жобасын, мүмкіндігі шектеулі адамдардың тіршілік қылу, жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру жайын, жалпы әлеуметке қатысты өзекті мәселелерді, экологиялық проблемаларды талқылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бірінші орынбасар облыстың Мақат және Жылыой аудандарының бірнеше ауылын аралаған. Мысалы, мұнай-газ өндіретін Доссор кентінде жаяу жүргінші көпірінің жоқтығы әбден титықтатқанын тұрғындар тағы көтерген. Адамдардың көбі темір жолдардың бір қанатында тұрса, ал мектептер мен балабақша екінші қанатында орналасқан, оларға «күнде жанын шүберекке түю» деген дәл келеді. Б.Байбек Instagram парақшасында «... жаяу адам жүретін көпірге келсек, аймақ басшыларының айтуынша, келесі жылдың ортасына дейін салынады», деп жазған.
Жалпы, ол партия төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» аймақтық филиалдары және үкіметпен бірлесіп, аудандар, қалалар, облыстардың дамуын жоспарлайтын жаңа бағдарламалар дайындап жатқандарын жеткізген.