Елімізде 400-ден астам мектепте директор жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 400-ден астам мектепте директор жоқ

31.01.2020

Елімізде 464 мектепте директор жоқ. 5 мыңнан астам мұғалім жетіспейді. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау нәтижесі бойынша Жамбыл облысынан басқа өңірлер жоспарлы көрсеткішке қол жеткізе алмаған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы облыстарында балабақшамен қамту мәселесі толық шешілмей тұр. Осы және өзге де маңызды мәселелер Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.

Апатты мектептер азайды. Бірақ үш ауысыммен оқу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Балаларды қосымша білім берумен, түрлі үйірмелермен қамту көңіл көншітпейді. Тек әдемі есеп пен жалған статистика бар. Жалпы білім сапасын арттыру үшін кешенді жұмыстар жүргізілу керек.

Кәсіптік білім беретін мектептерге қатысты сын айтылды. Колледждер талап үдесінен шықпайды.

Алқа мәжілісінде орта мектептердегі критериалды бағалау жүйесі де айтылды. Бұл мәселе соңғы уақытта көп талқыланады. Министр ол жүйе өзгермейтінін айтты. Тек оны жетілдіру үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу