Нұр-Сұлтанда жазасын өтеп, кейін қайта қылмыс жасайтындардың саны 30 пайызға азайған. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мұның барлығы пробация қызметінің арқасы деп отыр. Өйткені осы орталықта істі болған қылмыскерлерге жаңа өмір бастауға мүмкіндік берілген. Жұмысқа орналастырып, тіпті бизнес ашуға көмек көрсетеді.
Сұлтан Абжановтың өмірі қазір түбегейлі өзгерген. Бұзақылық істеп, 3 жыл шартты жаза арқалаған ол қазір өз кәсібін ашып, нәпақасын тауып жүр. Сұлтан секілді қылмыс істеп, шартты жаза алған 2600 азамат тіркеуде тұр. Бірі ұрлық, бірі қарақшылық енді бірі алаяқтық бабымен істі болған олардың барлығына осында жаңа өмір бастауға мүмкіндік берілген. Яғни дизайнер, наубайшы, тігінші, шаштараз секілді кәсіпті игеріп іс бастауға көмек көрсетіледі. Тіпті 500 мың теңгеге дейін сертификаттар қарастырылған.
Пробация қызметінің мақсаты да сол, қылмыскердің қайта жаза басуына жол бермеу. Сондықтан былтыр мұнда 20-дан астам жазасын өтеуші бизнес бастау үшін сертификатқа ие болған.
Досжан МАРАТҰЛЫ