4 жыл ішінде ЕАЭО арасындағы сауда айналымы 32%-ға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 жыл ішінде ЕАЭО арасындағы сауда айналымы 32%-ға өскен

31.01.2020

Бүгін Алматыда Еуразиялық Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған одаққа мүше мемлекеттердің Премьер-министрлері қатысты. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен жиында күн тәртібіндегі негізгі 14 мәселе жан жақты талқыланды. Бірқатар құжатқа қол қойылып, ұтымды ұсыныстар айтылды.

Бүгінгі басқосуда үкімет басшылары одаққа мүше елдер арасындағы кеден кедергілерін жойып, сауда -саттықты нығайту керектігін айтты. Ортақ зейнетақы жүйесін құрып, цифрландыруды барлық салаға енгізудің маңыздылығына тоқталды. Дегенмен, көтерілген мәселелерге түрлі пікірлер айтылды. Бірақ үкімет басшылары ортақ келісімге келе алғандарын және алдағы уақытта барлық сала бойынша қарқынды даму болатындығына сенімді екендерін айтты.

Одақ мүшелері цифрлы технология мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұған дейін 80 бастама қаралып, ауқымды 5 жоба іске асырылған.

Жиын барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы келесі отырыс 9 және 10 сәуір күндері Минск қаласында өтетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, 4 жыл ішінде ЕАЭО арасындағы өзара сауда айналымы 32%-ға өскен.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу