Қазақстанда 1 жылда мыңнан астам лауазым иесі сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Алик Шпекбаев осылай деді.
Былтыр барлығы 1717 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. Оның жартысынан астамы - пара алу дерегі. Топ адамның сыбайласып жасайтын қылмысы әлі де сейілмей тұр. 2019 жылы осындай 112 қылмыс тіркеліп, мемлекет бюджетіне олар 25 миллиард теңгеге жуық шығын келтірді.
Оңғар Алпысбайұлы