Еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне Еуропалық банктерден тікелей қаржы тартуға мүмкіндік туды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне Еуропалық банктерден тікелей қаржы тартуға мүмкіндік туды

26.05.2017

Еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне Еуропалық банктерден тікелей қаржы тартуға мүмкіндік туды. Енді кез келген жобаға кәсіпкер арзан несие алуына болады. Ол үшін негізгі талап - жоба нақты жүзеге асатындай болуы керек және аудиттік тексеруден өтуі қажет.

Еуропалық банктер мен еліміздегі кәсіпкерлердің арасын байланыстыратын Орта Азияны дамыту қауымдастығы құрылды. Олармен Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы, «Астана-инвест» және Астана халықаралық қаржы орталығы меморандумға отырды. Яғни, бұл да Еуропадан инвестиция тарту жолы болып отыр. 

 

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу