Алматы облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігерді ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігерді ұстады

31.01.2020
Алматы облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігерді ұстады

Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жалған ақпарат таратқан азамат Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ол кінәсін толық мойындаған.

Қазір аудандық полиция басқармасы тергеу шараларын жүргізіп жатыр, оның нәтижесінде қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, ақ халат киген дәрігердің Алматыда 70 адамның коронавирус жұқтырғанын айтқан видео әлеуметтік желіде тарады. Кейін Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері бұл мәліметтің жалған екенін айтты.

Еске салсақ, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат таратқандарға 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан  айырылады. 


Хабарламаларға жазылу