Қазақстандық дәрігерлер омыртқа мен жұлынға эндоскопиялық операция жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дәрігерлер омыртқа мен жұлынға эндоскопиялық операция жасады

29.01.2020

Қазақстандық дәрігерлер Орталық Азияда бірінші болып омыртқа жотасы мен жұлын жүйесі ауруларына эндоскопиялық операция жасады. Бұл – теріні, бұлшықетті және сүйекті зақымдамай жасалатын медицинадағы соңғы жетістік. Операция тілігін 5 сантиметрден 5 миллиметрге дейін қысқартып, науқастың 2 сағаттан кейін-ақ аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік береді. Ұлттық нейрохирургия орталығының 7 дәрігері осы мақсатта Германияда білімін жетілдірген. Шетелдік нейрохирург Али Гювен аталған эндоскопиялық жұлын операциясының қалай жасалып жатқанын бақылап, отандық дәрігерлерге шеберлік дәрісін өткізді.   

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу