Керекулік Кирилл Абайдың 30 шақты өлеңін жатқа айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекулік Кирилл Абайдың 30 шақты өлеңін жатқа айтады

29.01.2020

Керекулік Кирилл Свиридов Абай Құнанбайұлының шығармаларын іздеп жүріп оқиды. Қазір талапты жас Ұлы ақынның 30 өлеңін жатқа біледі.

Өткен жылы облыстық «Абай оқулары» байқауында Кирилл Свиридов қазылар алқасын таң тамаша етті. Ұлы ақынның шығармаларын жатқа сайраған орыс баласы сол жолы алғаш рет жүлделі орынды иемденген болатын. Осы жетістігі Кирилдың көшбасшылық қырын ашты.

Абай өлеңдерінің әр ұйқасы мені жақсылыққа, биікке жетелейді. Зерек болу, зерделі болудың жолын мен ұлы ақын шығармаларынан тапқанын айтады Кирилл.

Абайдың өлеңдерін үшінші сыныптан бастап жадына тоқыған Кирилл әлі де көп білсем дейді. Ақынның тілін, орамды ойы мен зерделі сөздерін мейлінше терең түсінгісі келеді. Сондықтан ол қазақ тілін оқытатын курсқа барып жүр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу