Семейде мүгедек жандардың көмекшілері еңбекақыларын ала алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде мүгедек жандардың көмекшілері еңбекақыларын ала алмай отыр

29.01.2020

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілері өздеріне тиесілі еңбекақыны ала алмай отыр. Айтуларынша, соңғы айда оларға тиесілі қаржының қомақты бөлігі түспеген.

Көмекшілерге жалақыны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысы бойынша мүгедектер қоғамы төлейтін көрінеді. Қоғам басшысы биыл, бюджеттен берілген қаржы жеткіліксіз болғанын айтады. Семейде 290 жеке көмекші болса, қаражат 180 адамға ғана бөлінген. Сол себепті жыл соңында көмекшілердің еңбекақылары қысқарып қалған.

Ал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары болса бәрі заңды, көмекшілер тиісті төлемдеріне қол жеткізді деп ақталады.

Жеке көмекшілердің айтуынша, олардың жұмыс уақыттары да өзге өңірлермен салыстырғанда қысқартылған. Мәселен, демалыс күндері үшін ақы төленбейді. Оның үстіне тиесілі еңбекақыны толықтай бермеуі заңсыздық-деп санайды. Сондықтан прокуратураға шағымданып, әділдік орнауын талап етпекші.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу