Коронавирусқа қарсы вакцинаны жасап шығаруға 1,5 ай уақыт қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы вакцинаны жасап шығаруға 1,5 ай уақыт қажет

29.01.2020

Гонконг ғалымдары Қытайда анықталған коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина ойлап тапқанын жариялады. Алайда, оны толық сынақтан өткізу үшін кемінде 1 жылдай уақыт қажет. Бұл туралы Гонконг университетінің маманына сілтеме жасап, South China Morning Post газеті хабарлады.

Зерттеушілер әдеттегі тұмауға қарсы вакцинаға коронавирустың антигенін қосқан. Осылайша, мамандар жаңа препарат тұмауға да, корнавирус қоздырған өкпе қабынуына да ем болатынын айтады. Қытайлық мамандар болса, дерттің дауасын 1,5 айда дайындауды көздеп отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус қоздырған пневмониядан 132 адам қаза тапты. Ал оны жұқтырғандар саны 6 мыңға жақындап қалды. Солардың 100-ге жуығы Шанхайдан.

Қазір Қытайдан шетелдік азаматтар эвакуацияланып, бұл елмен әуе және теміржол қатынастары тоқтатылып жатыр. Халықтың үрейін алған аурудан Ухань қаласымен қоса, ел астанасы Бейжіңде де көшелер қаңырап, бос қалды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу