Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Самат Рамазанов Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының тумасы. Мамандығы - құқықтанушы, іскерлік әкімшілік магистрі, Женева Бизнес мектебінің түлегі.
Бұған дейін «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясында әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры болған. Оған дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
Гүлжазира Ғалиқызы