Қарағанды облысында боран басылып, аяз күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында боран басылып, аяз күшейді

29.01.2020

Қазір жолдардың көбі ашылып, қатынас қалыпқа келді. Төтенше жағдай қызметі өткен түнде 322 адамды қар құрсауынан құтқарды. Олардың көпшілігі жылыту бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақ берілді. 

Ал жолда тұрған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ас-ауқат пен жанар-жағармай жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі күнде 500-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Ақтоғай ауылынан Балқаш қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігі діттеген жеріне жете алмай, толғағы қыса бастаған келіншек көлік ішінде босанып қалды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу