Шымкентте миллиардтаған салықтан жалтарған қылмыстық топ әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте миллиардтаған салықтан жалтарған қылмыстық топ әшкере болды

29.01.2020

Шымкент қаласында былтыр небәрі бір күнде 31 фирма құрылып, тап сол күні қайта жабылып қалған. Бір күндік компаниялар осындай әдістің арқасында мемлекетке жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарып кеткен. Алаяқтықтың бұл түрі прокурорлық тексеріс кезінде анықталды.

Қылмыстық топ заңсыз әрекеттерін жалған шот-фактуралар жасау арқылы жүзеге асырған. Осы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Топтың белсенді мүшелері ұсталып, жазаға тартылды.

Алаяқтық іс бойынша мемлекетке 88 млн теңге шығын өндірілген. Жалпы, өткен жылы прокурорлардың араласуымен мемлекет қазынасына 585 миллион теңге өндірілді. 

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу