Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

29.01.2020
Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

«Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек», - деді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг. 

Ғалымның айтуынша, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға созылуы мүмкін, ал адамдарға сынама жасау үшін шамамен бір жылдай уақыт қажет.  

Айта кетейік, Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 132-ге жетті. 6 мыңға жуық адам вирус жұқтырған. Олардың 1239-ы ауыр халде. 103 науқас ауруханадан шығарылған.

Қауіпті вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германияда тіркелді.

www.scmp.com

Хабарламаларға жазылу