Елімізде алты министрлік өздеріне бөлінген мемлекеттік қаржыны толық игермеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алты министрлік өздеріне бөлінген мемлекеттік қаржыны толық игермеген

18.05.2017

Елімізде алты министрлік өздеріне бөлінген мемлекеттік қаржыны толық игермеген. Бұл туралы Мәжілісте Үкіметтің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында айтылды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі - 29 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі - 1 млрд 200 миллион теңге, Білім және ғылым министрлігі - 1 млрд теңге игермесе, Сыртқы істер министрлігі жұмсай алмаған қаржы 920 миллион 200 мың теңгеге жетті. Дегенмен, Қаржы министрінің айтуынша, 2015 жылмен салыстырғанда былтыр игерілмеген бюджет қаржысының көлемі 1,7 есеге азайып, жалпы алғанда 146 млрд теңгені құрады.

 Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу