Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосының қызметкерлері басшылықтан қысым көретінін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосының қызметкерлері басшылықтан қысым көретінін айтты

28.01.2020

«Жұмысшыларға қысым көрсетеді». Осылай деп шығымданған Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосының қызметкерлері басшылықтың сорақы істерін жайып салды. Бүгін жүзден аса машинист пен оның көмекішілері жиналып, бұдан әрі әділетсіздікке төзбейтіндерін ашына айтты. Қазір олардың ұжымдық арыздары тексеріліп жатыр.

 «Төзіміміз таусылды!» деген жұмысшылар бүгін өздері қызмет ететін мекеменің алдына келіп, әділдікті талап етті. Олар басшыларының өздерін балағаттап, қысым көрсетіп келгенін жарыса айтты. Тіпті, үйіндегі жеке жұмысына да жегіп қоятындығын айтады.

Күн-түн демей, тепловоз тізгіндеп жүрген машинистер соңғы жылдары айлықтарының өсудің орнына төмендеп бара жатқанын да айтып қалды. Тіпті, нормадан артық жұмыс істесек те, еңбегіміз еленбейді деп ашынды.

Сынның ортасында қалған Медеубаев болса, қызметкерлерінің сөзін жоққа шығарды.

Жұмысшылардың шағымын тыңдаған еңбек инспекциясының өкілдері заңсыздықтардың бар екенін айтады. Жуық арада тексеру басталмақ.

 Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу