«КСК» аталып кеткен пәтер иеленуші кооператов жұмысы толық тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«КСК» аталып кеткен пәтер иеленуші кооператов жұмысы толық тоқтайды

28.01.2020

Алдағы уақытта Қазақстанда ел арасында «КСК» аталып кеткен пәтер иеленуші кооператов жұмысы толық тоқтайды. Оның орнына «Бір шот-бір үй-бір басқару» деген жаңа жүйе енгізілмек. Елімізде «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша» жаңа заң қабылданды. Өйткені, осыған дейін халық тарапынан ПИК жұмысына арыз-шағым тым көп түскен. Қызмет көрсететін компания мен тұрғындар арасындағы бітпейтін дауға осылайша нүкте қойылмақ. Енді әр үйдің тұрғыны өз қаржыларын өздері басқарады. Яғни, көрсетілетін қызметтер мен оның тарифтерін тұрғындарға күштеп төлетпейді әр қаражаттың ашық жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Басқару формасы екітүрлі болады. Заңды тұлға да, арнайы білімі жоқ адам да жетекшілік ете алады. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу