Қытайдан келген 23 адамның дене қызуы көтеріліп, 4-еуі ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан келген 23 адамның дене қызуы көтеріліп, 4-еуі ауруханаға жатқызылды

28.01.2020

Мамандар жолаушылардың науқастанғандарын тепловизор арқылы анықтаған. Қазіргі уақытта олар вирустың қай түрін жұқтырғандарын тексеру үшін қан тапсырды. Сараптама нәтижесі үш тәулікте белгілі болады. Жолаушылардың бірі  - 17 жастағы қыз бала. Ол Қытайдың Пекин қаласынан келген. Басқа провинцияларда болмаған. Бүгін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы бірқалыпты деп отыр. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу