Бұл әрекетке Ұлыбритания ғылым сферасында өз көшбасшылығын сақтап қалу мақсатында барып отыр. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон айтты: «Ұлыбритания өзінің ғылыми жаңалықтарының тарихымен мақтанады. Бірақ көшбасшылықты сақтап, болашақтағы жаңа сын-қатерлерді қабылдауға дайын болу үшін талант пен жаңа зерттеулерге қаражат салу керек. Ұлыбритания әлемдік таланттарға ашық. Олардың идеяларын шындыққа айналдыру үшін қолдауға дайын».
Мұндай визалардың саны шектелмейді. Егер олар тиісті біліктілікке ие болса, Ұлыбританияда жұмыс істегісі келетіндердің бәрі ала алады.
Осылайша, билік өткен жылы премьер-министрдің елді «талантты ғалымдар үшін супермагнетке» айналдыру туралы берген уәдесін орындамақ.
Айта кетейік, ғалымдардың өздері де Ұлыбританияның Brexit-тен кейін еуропалық зерттеу жобаларында маңызды рөл атқаратынына сенімді емес.
Жаңа визалық жүйе 20 ақпаннан бастап Британдық зерттеу және инновациялар агенттігінің (UKRI) басқаруымен жұмыс істейді.
BBC