Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылды

28.01.2020
Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 қаңтардан бері Қытайдан Қазақстанға қанша адам келгенін баяндады. 

«Қазіргі уақытта ҚХР аумағынан 25 858 адам келді. Олардың арасында қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар. Барлық жолаушы туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Әрі қарай Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті арқылы тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерулер, өзге адамдармен қарым-қатынасы тексеріледі», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, кейбір жолаушылардан Жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері байқалған. 

«Қазіргі уақытта қызуы көтеріліп келген 23 жолаушы келді, оның төртеуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды. Вирустық инфекциялар арасында нақты айырмашылықтар болмағандықтан, оларды ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызамыз. Барлығынан қан сараптамалары алынды. Үш тәулікте егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Сәйкес ем-дом тағайындалды», - деді Е.Біртанов.

Хабарламаларға жазылу