АҚШ әскери қолбасшылығы дүйсенбі күні кешке американдық әскери ұшақтың Ауғанстанда құлағанын растады. Сонымен бірге, әскери күштер ұшақты «Талибан» атып түсіргенін жоққа шығарды.
«Американдық Bombardier E-11A ұшағы бүгін Ауғанстанның Газни провинциясында құлады. Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр. Ұшақты атып түсірген жоқ», - деді Ауғанстандағы американдық контингенттің өкілі Сонни Леггетт.
Бұған дейін «Талибан» Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақты атып түсіргенін мойындады. «Талибанның» хабарлауынша, қаза болғандардың арасында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының бірнеше офицері болған.
«Талибанның» әлеуметтік желілерінде АҚШ әскери-әуе күштерінің белгісімен ұшақтың құлағаны туралы бейнелер мен фотосуреттер пайда болды. Пентагон Ауғанстанды барлау үшін Bombardier E-11A лайнерлерін пайдаланады.
Америка билігінің өкілі бұған дейін Рейтерс агенттігіне АҚШ-тың шағын әскери ұшағы құлағанын айтқан еді.
Бастапқыда ұшақ Ariana Afghan Airlines әуе комапниясына тиесілі деген ақпарат тарады. Алайда кейінірек компания директоры мұны жоққа шығарды.
Ұшақ «Талибан» бақылауындағы аумақта құлады.
BBC