Ауғанстанда бортында 100 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда бортында 100 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

27.01.2020

Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы провинция губернаторына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлап отыр. Болжам бойынша, Кабулдан Герат қаласына бағыт алған лайнер бортында 83 адам болған. Бұған дейін ұшақ Ariana Afghan Airlines әуе компаниясына тиесілі деген ақпарат тараған еді.

Алайда, кейінірек компания басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарды. Әуе кемесі тәліптерге қарасты аймаққа құлаған соң, толықтай жанып кеткен. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Тірі қалғандар туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу