Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

26.01.2020
Оңтүстік Кореяда қонақүйде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Оңтүстік Кореяның Тонхэ қаласындағы қонақүйлердің бірінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. 5 адам зардап шеккен.

Оқиға 25 қаңтарда болған. Ғимараттың екінші қабатындағы тұрғындар түскі ас әзірлеп жатқан кезде газ жарылған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, сол кезде бөлмеде 7 адам болған, оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазірде оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Фото: Republic World

Хабарламаларға жазылу