Оңтүстік Кореяның Тонхэ қаласындағы қонақүйлердің бірінде газ жарылып, 4 адам қаза тапты. 5 адам зардап шеккен.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Ғимараттың екінші қабатындағы тұрғындар түскі ас әзірлеп жатқан кезде газ жарылған.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, сол кезде бөлмеде 7 адам болған, оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазірде оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Фото: Republic World