Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
«Бізде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТЖ жарияланды. Бұл жағдай Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта алты өңірде ТЖ бойынша комиссия отырысы дайындалып жатыр», - деді Ю.Ильин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, елді мекендерде тіршілік жағдайын қамтамасыз ету бойынша қиындық туындаса, сол жерде ТЖ жарияланады.
«Төтенше жағдай жариялау себебіне тоқталсақ, ол тіршілік жағдайын қамтамасыз ету проблемалары, адамдарды тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орындарына уақтылы жеткізу, сондай-ақ азық-түлікпен, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету қамтылады», - деді спикер.
«Аумақтардағы жағдайға байланысты өңірлердегі әкімдіктер ТЖ жариялау туралы шешім қабылдайды», - деді Ю. Ильин.