Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 7429 шақырымды құрайтын 61 жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 29,8% құрайды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ баспасөз қызметі.
Жалпы, жол қозғалысы 9 облыста жабық. Оның ешінде ең көп жабылған жол учаскелері Ақмола облысына қарасты.
Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын жол учаскесі – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Мұнда 637 шақырым жол жабық.
Республика бойынша 727 арнайы техника жұмыс істеуде.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады. Сондай-ақ, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.