Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Brexit туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Brexit туралы заңға қол қойды

24.01.2020
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Brexit туралы заңға қол қойды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II елдің Еуроодақтан шығуы (Brexit) туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Қоғамдық палатаның (Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы) жетекшісі Джейкоб Райс-Могг твиттерде хабарлады.

Осылайша құжат заң мәртебесіне ие болды деп хабарлайды. 

Бұдан кейін Ұлыбритания мен ЕО да сауда туралы келісім жасалуы керек.

Brexit 31 қаңтарда GMT 23: 00-де жоспарланған. Ал, 2020 жылдың аяғына дейін өтпелі кезең жалғасады.

22 қаңтарда Ұлыбритания парламенті елдің Еуропалық Одақтан шығуы туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарланды.

Бастапқыда Ұлыбритания Brexit бағдарламасын 2019 жылдың 29 наурызында жүзеге асыруы керек еді. Алайда парламент келісімшартты бірнеше рет қабылдамады. 

Reuters


Хабарламаларға жазылу