Ағын суды биологиялық жолмен тазарту, энергияны үнемдеп, өндірістік қауіпсіздікті арттыру. Осы және өзге де мәселелер Ақтауда өткен еркін форматтағы инвестициялық форумда талқыланды.
Жиынға 60-тан астам ірі компания өкілдері, мүдделі инвесторлар қатысты. Әкімдік бизнес қауымдастықпен 5 меморандум бекітті. Енді екі тарап энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс пен білім салаларында бірлесіп жобалар атқармақ. Сондай-ақ, шара барысында 50 дарынды жас түлекке ТМД мемлекеттері және Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарында білім алуы үшін облыс әкімі гранты тағайындалатыны белгілі болды.
Нысаналы ЫҒЫЛ