2020 жылы Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

24.01.2020
2020 жылы Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл 150 мың отбасы жаңа баспанаға ие болады. «2020 жылы 11 тазарту құрылымының, ал 2024 жылға дейін 53 тазарту құрылымының модернизациясы жүреді», - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ Үкімет отырысында Премьер-Министр биыл Қазақстанда 430 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты.

Хабарламаларға жазылу