Таиланд астанасы Бангкокта ауа ластануының қауіпті деңгейге жетуіне байланысты жүздеген адам наразылық білдіріп жатыр. Олар үкіметтен экологиялық ахуалға қарсы шара қолдануды талап етуде. AirVisual тәуелсіз компаниясының дерегіне сәйкес, ауа сапасының индексі 100-ден асса, адам денсаулығы үшін қауіпті деп саналады. Ал, Бангкокта бұл көрсеткіш осы аптада 163-ке жеткен. Сонымен қатар, оның құрамындағы шаң-тозаң мен қатты бөлшектер де мөлшерден асып кетті.
Бұған – қаладағы көптеген зауыттар мен егістік алқаптарында қалдықтарды өртеу себепші. Осыған байланысты бүгін ел астанасында 450-ге жуық мектеп жабылған. Алайда, тұрғындар мұны уақытша шара деп, биліктен түтіннің себептерімен түбегейлі күресуді талап етіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ