Еуропалық одақ Қазақстанмен барлық салада ынтымақты арттыруға мүдделі. Өзара іскерлікті нығайту үшін Еуропалық парламент пен біздің елдің депуттаттары Брюссельде Парламенттік Ынтымақтастық комитетінің 14-ші отырысында бас қосты. Мәртебелі жиынға Қазақстан делегациясын Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды.
Қазақстан - біріккен Еуропаның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Кәрі құрлық елдері қазақстандық шикізатқа, энергоресурстарға зәру. Ал, бізге Еуропаның соңғы технологиясы, тың тәжірибесі мен инвесторлары ауадай қажет. Соңғы 10 жылда Еуроодақ кәсіпкерлері қазақ экономикасына 120 млрд. доллардан астам қаржы құйған. Әлі де құя бермек ниетте.
Еуропарламент депутаттары біздің елдегі конституциялық реформаларды да жоғары бағалап отыр. Демократияны дамытқан Қазақстанның рухани жаңғыруға басымдық бергенін де қарт құрлықтағылар құптайды.
Нұрсұлу ҚАСЫМ