Бағаның шарықтауымен күресті жүйелеуміз керек- Д.Назарбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағаның шарықтауымен күресті жүйелеуміз керек- Д.Назарбаева

23.01.2020

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева тұтынушылық тауарлардың бағасы тез өсіп жатыр, бағаның шарықтауымен күресті жүйелеуміз керек деді. Сауда, экспорт және ауылшаруашылығы саласы өкілдерімен кездесу барысында отандық кәсіпкерлердің мүмкіндіктері, кездесетін кедергілер және мемлекеттік қолдау талқыға салынды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қыруар қаржы бөлініп-ақ жатыр. Дегенмен бұл ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және бағаны төмендетуге жеткіліксіз болып отыр. «Қаржылай қолдаудан бөлек қағазбастылықты азайтып, нарықты реттеп тұру керек», - деді Дариға Назарбаева.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу