Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметі.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен әшкереленді.
«Ол делдал — сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. 2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды», - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.