Оған Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Орталық өңірлік қолбасшылықтарынан өзге бірқатар әскери бөлім қызметкерлері қатысуда.
Еліміздің әр облысынан сайдың тасындай іріктелген сарбаздар салтанатты ашылудан кейін бірден мергендіктерін дәлелдеу үшін атыс алаңына аттанды.
Екі күнге жалғасатын сайыста 10 шақырымға шаңғымен жүгіру, тартылу секілді сындар да бар. Ұйымдастырушылар «әскерилер үшін спорттық доданың берері мол»,- дейді.
Жанболат САНИЯЗ