Олардың ішінде бір украиналық бар. Циклоннан елдің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жауды. Сонымен қатар, күшті жел тұрып, кей аудандарды тасқын жайлаған.
Қолайсыз ауа райына байланысты 120-дан астам мектеп пен бірқатар ірі жолдар жабылып, Аликанте қаласында 200-ге жуық әуе рейсі доғарылды.
Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай жағдай сәрсенбіге дейін жалғасады. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымнан асып, теңіз толқыны 7 метр биіктікке дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Сондықтан елде қазір қызыл түсті қауіп жарияланып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ