Қызылордада бұрынғы күйеуін киллер жалдап өлтірмек болған әйелдің сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бұрынғы күйеуін киллер жалдап өлтірмек болған әйелдің сот үкімі шықты

22.01.2020

Қызылордада кісі өлтіруге тапсырыс берген әйелге сот үкімі шықты. Бұрынғы күйеуін килллер жалдап өлтірмек болған ол Түркістан облысының тұрғынына 20 мың АҚШ долларын ұсынған.

Сотталушы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтың мал-мүлкін балаларына қалдыру үшін осындай қадамға барған. 

Сөйтіп, бұрын сотты болған азаматқа қолқа салады. 

Алайда ол әйелдің арам пиғылын полицейлерге жайып салған. Құқық қорғаушылар әйелді әшкере ету үшін күйеуін өлтірген болып, жалған суреттерді жалдамалы киллер арқылы әйелдің ұялы телефонына жібереді. 

Осыдан кейін оның барлық іс-әрекеті бақыланып, аса ауыр қылмысқа барғаны дәлелденді.  

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу