Қазақстан мен Бразилия арасында қылмыскерлер ратификацияланатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Бразилия арасында қылмыскерлер ратификацияланатын болады

22.01.2020

Қазақстан мен Бразилия арасында қандай да бір қылмыс тіркелсе, оны тергеп-тексеру жұмыстары екі елге ортақ болады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты шартты ратификациялау мәселесі қаралды. Егер, Қазақстан азаматы Бразиялияда қылмыс жасап сотталған жағдайда немесе керісінше болса құқықтық сұрау жасап сотталушыны өз отанына алып келуге болады. Мұндай құқықтық көмек шарты бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания сияқты әлемнің 30 елімен жасалған болатын. Соның арқасында, қылмысты тез арада әшкерелеудің мүмкіндігі кеңейді. Дәл қазіргі уақытта Бразилияда нашақорлықпен айналысып, түрмеге тоғытылған қазақстандық бір азамат бар. Жалпы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы 1993 жылдан басталған. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу