ШҚО-да АӘК-ні төлеуге 5,4 миллиард теңге қарастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да АӘК-ні төлеуге 5,4 миллиард теңге қарастырылған

22.01.2020

Биыл Шығыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 5,4 миллиард теңге қарастырылған. 

Бұл қаражаттың 4,3 миллиарды республикалық бюджеттен, қалған 1,1 миллиарды жергілікті қазынадан бөлінбек. 

Бүгінде облыс өңірлерінде 258 ақпараттық топ құрылып, әлеуметтік көмек алушылар ішінде түсініктеме жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Олар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға кеңес береді.  

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына кеңес алуға төрт мыңнан астам адам келіп, мыңға жуығы жәрдемақы тағайындауға өтінім берген. 

Биылғы өзгерістердің бірі – атаулы әлеуметтік көмек бір жыл емес, тоқсан сайын тағайындалады. 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу