Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

22.01.2020
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Хабарламаларға жазылу