Оceanman-2021 жарысы Қазақстанда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оceanman-2021 жарысы Қазақстанда өтеді

22.01.2020
Оceanman-2021 жарысы Қазақстанда өтеді

OCEANMAN — ашық суда ұйымдастырылатын әлемдегі жалғыз турнир. 2015 жылы басталған жарысқа кәсіби спортшылар ғана емес, 12 жастан асқан әуесқойлар да қатыса алады.

Отандасымыз Ералы Уралов Oceanman федерециясы Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін айтты. Ол ашық су астындағы жарысқа тұрақты түрде қатысып келеді. Сондай-ақ 2021 жылы әлемдік дода қазақ жерінде өтеді. Бұл туралы Ералы Уралов Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Ералы Ураловтың айтуынша, жыл сайын жарысқа қатысушылардың қатары артып келеді. Соңғы жылдары мыңға тарта спортшы аталмыш сайыста бақ сынаған. OCEANMAN өкілдерінің айтуынша, бұл жарыс тасадағы таланттардың көрінуіне септігін тигізеді. Өйткені су жағасында өскен әрбір адам кез келген қашықтықты бағындыра алады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Оған денсаулығы жарамды кез келген әуесқой спортшылар қатыса алады.

Бүлдіршіндер де Oceanmankids турнирінде бақ сынай алады. Олар ашық суда 500-800 метрді бағындыруы тиіс. Ал ересектер қысқа қашықтықта жылдамдыққа жарысады. Жаңадан бастаған жүзушілер HalfOceanman (3-5 км), ал тәжірибелі спортшылар Oceanman, яғни 6-14 шақырымды еңсеруі тиіс. Халықаралық жарыс осыған дейін Испания, Италия, Ресей, Түркия, Грекия сынды мемлекеттерде ұйымдастырылды. Алғашқы жылдары Испания мен Италияда ғана ұйымдастырылғанымен, кейінгі жылдары қабылдаушы мемлекеттердің қатары артты» - деді қазақстандық жүзуші.

Су жарысы әсем табиғат аясында ұйымдастырылады. Мұндай дүбірлі додалардың ұйымдастырылуы еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосары анық.

Хабарламаларға жазылу