Тимур Тоқтабаев:  Енді инвесторларды Конституция шеңберінде жұмыс істеуге міндеттей аламыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Тоқтабаев:  Енді инвесторларды Конституция шеңберінде жұмыс істеуге міндеттей аламыз

14.04.2017

Алматыда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің жобасын талқылауға қатысты кезекті қоғамдық тыңдау өтті.

Алқалы жиында қазба байлықтарды тиімді пайдаланып, халық игілігіне жарату жайы сөз болды. Инвестиция және даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаевтың сөзінше, Тәуелсіздік алған кезеңде біз әлемнің әр қиырынан келген инвесторлардың кез келген шартына келістік. Себебі, қалайда сырттан қаржы тартып, кен орындарын игеру маңызды еді. Қазір ширек ғасырда мемлекет экономикаға пайда әкелетін басқа да салаларды дамытып, әлемдік сауда нарығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық талаптарға сай түрлі заң қабылданды.

Сондықтан, біз енді инвесторларға Жер кодексіне байланысты нақты талаптар қойып, Конституция шеңберінде жұмыс істеуге міндеттей аламыз. Осы тұрғыда жер қойнауын пайдалануға арналған Кодекс жерді пайдаланушыларға жаңа міндеттер жүктейді.

 

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу