Енді төлем уақыты асып кеткен несиеге өсімпұл қосылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді төлем уақыты асып кеткен несиеге өсімпұл қосылмайды

21.01.2020

Енді несиенің төлем уақыты асып кетсе де өсімпұл қосылмайды. Яғни, бұған дейін кредит алушылардың қарызы 180 күннен асқан жағдайда күніне 0,5 пайыз көлемінде үстеме ақша төлеуге тиіс еді. Биылдан бастап бұл уақыт 90 күнге қысқартылды. Және өсімпұл қосу тоқтатылды. Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар кепілсіз несие алғандардан тек нақты несие көлемін өтеп алуға құқылы. Ал үстеме ақша талап ете алмайды. Бүгін ұлттық экономика министрлігі жыл басынан бастап түзетулер енген бірқатар заңдарды таныстырды. Оның қатарында несиеден бөлек жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының берілуі, қалалардың инфрақұрылымын кеңейту құзіреті, жастар кадрлық резервіне алынған азаматтардың конкурстан тыс өтуі сияқты жаңа өзгерістер бар.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу