Қазақстан мен Словакия меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Словакия меморандумға қол қойды

21.01.2020

Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық байланыс жаңа белеске шықты. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан екі елдің іскерлік кеңесі аясында бүгін үш бірдей меморандумға қол қойылды. 

Маңызды құжат индустрия және ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруды көздейді. Жалпы орталық Еуропада орналасқан Словакия – машина шығару бойынша алдыңғы қатардағы мемлекет. Екі ел арасындағы тауар айналым 100 миллион еуроға жеткен. Ал алыс-беріс пен барыс келісті жандандыру мақсатында өтіп жатқан шараға 25-тен астам алпауыт комапиняның басшылары келген. 

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу