Елбасы мен Мемлекет басшысы Абайдың мерейтойының ашылу салтанатына қатысты

21.01.2020

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өтті. 

Президенттің Қаулысына сәйкес, ұлы ақынның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, жалпы республикалық жоспар бекітілген. Ол бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Мәдениет және спорт министрі Абайдың өлеңдері мен қара сөздері он тілге аударылатынын және ақын туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланғанын айтты. Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, Абайдың мерейтойына қатысты жобалар биылғы жылмен ғана шектелмейді. Мерейтой аясында шет елдерде бірқатар маңызды шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» ашылмақ. Сондай-ақ, бүгінгі шарада өнерпаздардың қатысуымен ұлы ақынның әндері шырқалып, өлеңдері жатқа оқылды. 

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу